Slider 1
Информация к новости
  • Просмотров: 119
  • Автор: admin
  • Дата: 13 июль 2017, 19:00
13 июль 2017, 19:00

"Қобыз сарыны"

Категория: Концерт

Қорқыттың ғаламат әуендері мен басқа да авторлардың танымал күйлері 13 шілде күні сағат 19.00-де «Астана» концерт залында өтетін республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Жанар Жүсіпованың «Қобыз сарыны» атты музыкалық кешінде ұсынылатын болады.

 

Бұл кеште сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі (бас дирижеры және көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов, дирижер – республикалық байқаулардың лауреаты Нұрлан Бекенов) мен орындаушылар ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыргөзов, Анар Мұздаханова, халықаралық байқаулардың лауреаты Алмат Сайжан өнер көрсетеді. Концерт қонағы – ҚР еңбек сіңірген әртісі Тұрар Әліпбаев.

 

Жанар Жүсіпова дәстүрлі музыка өнерін сақтау мен насихаттауды өзінің парызы деп санайды. Оның барлық шығармашылық қызметі осыған дәлел. Ол бірнеше рет жеке концертін берді, дисктер шығарды («Жез киік», «Саржайлау») және жоғары оқу орындарында белсенді қолданылып жүрген оқу құралдарын («Қоңыр саз», «Пьесы для кобыза» және т.б.) жазды.

 

Жанар Жүсіпова Қазақстан бойынша орындалатын танымал көптеген күйлер мен әндердің авторы. Атап өтетін болсақ, «Ана тағдыры», «Көкек», «Гүлсім ханымға», «Керуен», «Кеңес», «Тәуелсіздік сарыны», «Еске алу» және т.б. Бұл әуендердің барлығы «Қобыз сарыны» концертінде орындалады. Сонымен қатар, Жанар Жүсіпова «Аққу қаздар» шығармасының тұсауын кеседі.

 

Жанар Жүсіпова домбырада орындалатын күйлерді қобызға ыңғайлап түсіреді және танымал шығармалар жаңаша бояуға ие болады. «Қобыз сарыны» кешінде қобызшының орындауында Сүгірдің «Қаратау шертпесі», Боғданың «Қара жаяу» және Тәттімбеттің «Секіртпе», «Азамат қожа» және т.б. күйлері болады.

Место: Концертный зал "Астана", ул. Кенесары, 32
Контакты: 75 23 83, 75 23 60 ,call center +7 775 722 22 27
Вход: Стоимость билетов от 1 000 тенге

Метки к статье: Концертный зал Астана



Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
AfishaDay.kz 2012-2016. Все права защищены. Копирование материалов только при условии указания интерактивной ссылки на afishaday.kz! Использование материалов с сайта без ссылки на источник преследуется по закону. Отдельные публикации могут содержать информацию, не предназначенную для пользователей до 16 лет. Администрация сайта не несет ответственности за изменение расписаний и отмену мероприятий.
Создание сайта by Abadiy.