Slider 1
» » «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі
Информация к новости
  • Просмотров: 39
  • Автор: admin
  • Дата: 20 январь 2018, 19:00
20 январь 2018, 19:00

«Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі

Категория: Театр

«Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі

Қыз Жібек (этно-фольклорлық музыкалық қойылым)

 

Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін «Қыз Жібек» қазақтың лиро-эпостық жырының жауһары. Трагедия кейіпкерлері Жібек пен Төлеген әлемге әйгілі Ромео мен Джульеттадай қазақ халқы үшін махаббаттың символы іспеттес. Оқиғалар негізінен жас батыр Төлеген, Қыз Жібек және ел арасында ержүректігімен, күш-қайратымен аты шыққан батыр Бекежан арасындағы қарым-қатынастар төңірегінде өрбиді де, ақыры Төлеген қызғаныштың құрбаны болады. Сүйгенінсіз Жібекке де өмір жоқ... 

 

Ел бірлігі мен тұтастығы идеясы қатар өріліп, халықтың ой-арманы мен аңсары танылатын, бояуы жарқын  қойылымда   ұлттың өмірі мен тығыз байланысты дәстүрлер де  - бата сөз, қарғыс, жоқтау, зар, көңіл айту, қоштасу және т.б. – жақсы көрініс тапқан. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш. Дала театрының негізінде сахналанған этно-фольклорлық мюзиклден  көрермен қазақ халқының  ұлттық дәстүрімен етене танысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, спектакльде қос ақынның сөз тартысы, ой қақтығысымен қатар суырыпсалмалық қабылетін дәріптейтін қазақтың ұлттық өнері ақындар айтысы орын алған.

 

Автор: Ғ. Мүсірепов, Е. Брусиловский
Режиссер: А. Маемиров

Место: ЦКЗ "Казахстан", Мәңгілік ел, 10/1
Контакты: +7 7172 705 256, 47 63 50, +7 778 904 28 27
Вход: стоимость билетов от 500 тенге

Метки к статье: Astana Musical



Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
AfishaDay.kz 2012-2016. Все права защищены. Копирование материалов только при условии указания интерактивной ссылки на afishaday.kz! Использование материалов с сайта без ссылки на источник преследуется по закону. Отдельные публикации могут содержать информацию, не предназначенную для пользователей до 16 лет. Администрация сайта не несет ответственности за изменение расписаний и отмену мероприятий.
Создание сайта by Abadiy.